Ауызша тілді дамытады
Бала сөздерді айтуға, сөйлем құрауға үйренеді. Күнделікті қарым-қатынасқа қажетті сөздік қоры қалыптасады.
Қазақ тілін ойын арқылы үйренеді
Әр тапсырма — бұл қызықты ойын. Бала тіл үйренуді міндет емес, қызық сабақ ретінде қабылдайды.
Ойлау, зейін, есте сақтауын дамытады
Арнайы әзірленген тапсырмалар арқылы бала логикасын, есте сақтау қабілетін және назарын жаттықтырады.
korpe kids
Сөз қазынасы
Код товара: 148881743
8890
тг.
СӨЗ ҚАЗЫНАСЫ — қазақ тіліндегі STEAM дамытушы ойын.
Ойын барысында бала суреттер мен сұрақтар арқылы ойлайды, салыстырады, шешім қабылдайды — бұл ғылым (Science) мен логиканы (Math) дамытады.
Дұрыс жауапты кілтпен табу — инженерлік және технологиялық (Engineering, Technology) қызығушылығын оятады.
Карточкаларды суреттеу мен бояу процесі — өнер (Art) арқылы шығармашылығын дамытады.
Осылайша, бір жинақ баланың жан-жақты ойлауын, қиялын және тіл байлығын дамытады.

Пікірлер
СӨЗ ҚАЗЫНАСЫ — Монтессори тәсіліне шабыттандырылған дамытушы жиынтық.
Ол есте сақтау, назар аудару, логикалық ойлау және көрнекі қабылдауды жаттықтыруға арналған. Балалар ағаш механизмді өздері жинайды, карточкаларды байланыстырады және тек дұрыс жауап берсе ғана карточка ашылатын механизм арқылы қатты ойлануға үйренеді. Жиынтық қазақ тіліндегі жиі қолданылатын етістіктер мен әрекеттерді таныстырады — ойын арқылы тіл мен ойлау бірдей дамиды.

FAQ